Бразилия мен Украина футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

462

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы екі құрама анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бразилия мен Украина футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты Фото: uleoparda.ru

Қазірге дейін бес дүркін әлем чемпионы атанған Бразилия бұл жолы да сүрінген жоқ.

Олар 1/8 финалда Коста-Рикадан 5:0 есебімен басым түсті. 

Сондай-ақ Украина құрамасы 1/8 финалда Нидерландты 3:1 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді 29 қыркүйекте ширек финалда Бразилия құрамасы Иран мен Марокко жұбының жеңімпазымен ойнаса, украиналық футзалшылардың қарсыласы Испания мен Венесуэла кездесуінен кейін анықталады. 

Сондай-ақ 1/8 финалда 25 қыркүйекте Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, 26 қыркүйекте Португалия мен Қазақстан, Иран мен Марокко кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу