2 сағат 32 минутқа созылған кездесу 3:6, 7:6(5), 6:3, 6:3 есебімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Александр екінші сетте 3:5 есебімен брейкпен ұтылды. Бірақ, кездесудің бағытын өзгертіп, нәтижесінде келесі кезеңге жолдама алды. Бұл қос теннисші арасындағы алғашқы бетпе-бет кездесу болды. Бублик 30 эйс жасап, 11 қос қате жіберді. Ал Эскобедо бес мәрте допты ойынға қосу барысында қателесті.
Бір қызығы, Эскобедо 2022 жылғы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне күтпеген жерден жолдама алды. Өйткені, Эскобедо іріктеу турнирінің финалында тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкиннен 4:6, 7:5, 5:7 есебімен ұтылып қалды. Бірақ, Бубликтің бастапқы қарсыласы жарыстан шығып қалғандықтан, Эрнесто өзін тағы да көрсетуге мүмкіндік алды.
Екінші айналымда Бублик турнирдің 17-ракеткасы Гаэль Монфиспен ойнайды. 2020 жылдың қыркүйегінде олар Ролан Гарроста кездескен болатын. Ол уақытта қазақстандық теннисші төрт сетте де жеңіске жеткен болатын.
Өкінішке орай әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өте алмады. Франциялық теннисші күтпеген жерден 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Australian Open-де әйелдер арасындағы жекелей сында, екінші айналымда Қазақстаннан бір ғана теннисші өнер көрсетеді. Ол Елена Рыбакина мен Зарина Дияс арасындағы кездесуде анықталады. Сондай-ақ бүгін Михаил Кукушкин де ойнайды. Оның америкалық теннисші Томми Полға қарсы кездесуі елорда уақытымен шамамен сағат 13:30-да басталады.
Ермұхамед Мәулен