Ерлер арасында Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жұптық сынында финалға шықты. 25 жастағы түрік теннисшісі Алтуг Челикбилекпен бірге Бублик Йонатан Эрлих (Израиль)/Ян-Леннард Штруфф (Германия) жұбын жеңді. Екі сетке созылған кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
Александр Бублик пен оның түркиялық әріптесі үш рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетті. Сондай-ақ үш қосарлы қателік жасап, қатарынан бес ұпай иеленді.
Айта кетейік, 16 ақпанда Қазақстанның бірінші ракеткасы Катар ашық чемпионатында жекелей сында өнер көрсетті. Өкінішке орай ол француз Артур Риндеркнехтен жеңіліп қалды.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық тенисші Александр Недовесов Делрэй Бичте (Флорида штаты) өтіп жатқан, жүлде қоры 664 мың АҚШ долларын құрайтын ATP 250 турнирінде жұптық сайыста жартылай финалға шықты.
Недовесов пәкістандық спортшы Айсам-ул-Хак Курешимен бірге америкалық Монро-Витроу жұбын екі сетте де, 7:6 және 7:5 есебімен ұтты. Ойын бір сағат 29 минутқа созылды. Матч барысында Недовесов Курешимен бірге екі рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, төрт қос қате жіберіп, қатарынан сегіз ұпай алды.
Еске сала кетейік, турнирдегі өткен кездесуде Недовесов пен Куреши тағы бір америкалық жұп Блумберг-Полды жеңген болатын.
Ермұхамед Мәулен