Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

335

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: Olympic.kz

1/8 финалда қазақстандық Германия спортшысы Доминик Кёпфермен кездесті. Нәтижесінде, Александр 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Александр Бублик 5 эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланып, бірде-бір қос қате жіберген жоқ.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші аталмыш турнирдің қазіргі чемпионы. Осы жылы да сол атақты қорғап қалуға ниетті.

Александр Бубликтің келесі қарсыласы Маттие Белуччи (Италия) және Александр Ковачевич (АҚШ) арасындағы кездесуден кейін анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу