Бублик пен Рыбакина ширек финалда

1827

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Бублик пен Рыбакина ширек финалда

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда ресейлік Дарья Касаткинамен кездесті. Бұдан бұрын қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік теннисші басым түскен еді. Бұл жолы бірінші партияда брейк жасай білген Елена сол басымдылығын сақтай алды – 6:3.

Жерлесіміз екінші сетті брейкпен бастап, өз геймін алды – 2:0. Тағы бір брейктен соң есеп 3:0-ге жетті. Бұдан кейін Д.Касаткина қайта брейк жасап, есепті қысқартты. Дегенмен қазақстандық спортшы матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4. Бәсеке 1 сағаттан астам уақытқа созылды. Осылайша Рыбакина Касаткинадан өткен жылғы жеңілісінің қарымтасын қайтарды.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 10-ыншы, осы доданың 4-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен шеберлік байқасады.

Ал, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA турнирінің үшінші айналымда әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Софья Кениннен жеңіліп, жарыстан шығып қалды. 2 сағат 43 минутқа созылған кездесу 6: 3, 6: 7 (5: 7), 4: 6 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, Путинцева бұл турнирде италиялық Мартина Тревисанды - 6: 3, 6: 3 есебімен, содан кейін чех Барбора Крейчикованы - 6: 4, 7: 5 есебімен жеңген болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 271-орында тұрған франциялық Тристан Ламазинмен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:2 есебімен жеңді. Тартысты өрбіген екінші сетте де Александр шеберлігінің басым екендігін көрсетті, есеп 6:4. Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды. Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін италиялық Маттео Берреттини және болгариялық Димитар Кузманов жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу