Қазіргі уақытта Кәсіпқой теннис ойыншылар қауымдасытығының рейтингінде 52-орында тұрған Бублик жүлде қоры 1,3 миллион долларды құрайтын Санкт-Петербург ашық біріншілігінде әлемдік рейтингте 221 орында тұрған америкалық Маккензи МакДональдты жеңді.
Рейтингтегі айырмашылыққа қарамастан қазақстандық қарсыласын жеңу үшін көп күш жұмсауға мәжбүр болды. Алғашқы кезеңде 2: 6 есебімен жеңілген Бублик екінші таймда тек тай-брейкте есепті теңестірді (7: 6). Ал үшінші партия ұзаққа созылып, екінші турға жолдама тағдыры шешіле қоймады. Бірақ соңында Бублик 4:6 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу аяқталған соң Бублик турнирдің ресми сайтына сұхбат берді.
"Матч Маккензидің басымдығымен басталды. Өйткені ол керемет теннис көрсетті. Допты ойынға ойымдағыдай қоса алмадым. Бірақ ол допты керемет қабылдап отырды және маған өз ойынымды көрсетуге мүмкіндік бермеді", - деді Бублик. - Бірақ, содан кейін жақсы жұмыс істей бастадым. Тай-брейкте бәрі ойдағыдай болды. Үшінші сетте ойын бірқалыпты өтті. Маккензи бірнеше қателіктерге жол берді. Менің бүгін жолым болды, - деп қоса кетті теннисші.
St. Petersburg Open турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемнің 123-ші ракеткасы, америкалық Джеффри Волфпен немесе әлемдік рейтингте 21-ші орында тұрған канадалық Милош Раоничпен кездеседі.
Бублик келесі қарсыласының ойынын көруге ниетті емес екенін айтты.
"Мен өзім сирек жағдайда ғана теннис көремін. Финалдық кездесулерде немесе менімен қатарлас жігіттер, мысалы Карен Хачанов, Андрей Рублев сияқты теннисшілер ойнайтын кезде матчтарды тамашалаймын. Бапкер міндетті түрде қарайды. Раоничтің ойынынан не тамашалауға болады? Ол 400 км/сағ жылдамдықпен допты лақтырады және әлі Джеффри Волфты жеңуі керек. Көре жатармыз", - деді Александр.
Жекелей сыннан бөлек Александр Бублик дәл осы турнирде жұптық сайыс бойынша ¼ финалға жолдама алды. Ол мұнда америкалық теннисші Рейлли Опелкамен бірге жұп болып өнер көрсетуде. Сонымен қатар қазақстанның бірінші ракеткасы Ресейдегі турнирдегі кездесулерінде не болатынын алдын ала болжамайтынын айтты.
"Таяуда екінші турнирге қатысамын. Ол жарыс Нұр-Сұлтанда екі аптадан соң өтеді. Бірақ, мен осында өтіп жатқан турнирден тамаша әсер алудамын. Өкінішке орай біз спорттық-концерттік комплекстерде ойнамаймыз. Мен балалық шағымда СКК-ға баратынмын және сонда ойнауды армандайтынмын. Матч барысын отбасың тамашалап отырғанда ойнау өте қиын. Барлығы хабарласып, ойынды көруге келгілері келеді. Менің спортшы екенімді барлығы біледі. Сондықтан мұнда маған ойнау өте қиын. Бірақ, жеңістің дәмі қашан да керемет!" - деп Қазақстан намысын қорғап жүрген Санк-петербург теннис мектебінің түлегі сөзін қорытындылады.
Ермұхамед Мәулен