Бублик St. Petersburg Open турнирінің жартылай финалына шықты

1145

Бублик турнирде сәтті өнер көрсетуде.

Бублик St. Petersburg Open турнирінің жартылай финалына шықты

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик америкалық Рейли Опелкамен дуэтте Санкт-Петербург ашық чемпионатында жұптық өнер көрсету бойынша турнирдің алғашқы жартылай финалисті атанды.

Жұптық өнер көрсету барысында Бублик әріптесімен бірге турнирлік кестеде жоғарғы орындардан табылды. Тағы екі жұп команда бұған дейін ойыннан шығып қалған болатын. Ал ойынның басты фавориттерінің бірі Хачанов пен Рублев еді. Олар ¼ финалда Бублик және Опелкамен кездесу өткізді. XXV-мәрте ұйымдастырылған St. Petersburg Open 2020 халықаралық турнирінің ширек финалы 14 қазан күні орталық кортта өтті. Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды. Бірінші сет Бублик пен Рейлидің пайдасына  аяқталды. Тең жекпе-жек матчтың дәл ортасына дейін созылды (3: 3). Кейін қазақстандық-америкалық жұп қатарынан үш соққыны қабылдады.

Екінші кезеңде есеп 5:0-ге жетті. Ал үшінші кезеңде ойын тағдыры шешілді. Есеп 11:9-ға жетіп, Бублик пен Рейли жұптық өнер көрсету бойынша турнирдің жартылай финалисті атанды.

Сонымен қатар Бублик жекелей өнер көрсету бойынша дәл осы турнирдің екінші айналымында канадалақ Милош Раоничпен кездеседі. Естеріңізге сала кетсек, алғашқы айналымда Бублик америкалық Маккензи Макдональдты 2:6, 7:6, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Ермұхамед Мәулен



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу