Бублик жігерсіз жеңілді

1701

Қазақстанның бірінші ракеткасы Астанадағы жарыста жеңіліп қалды. Жарыста еліміздің бірде-бір теннисшісі қалған жоқ. 

Бублик жігерсіз жеңілді

"Астана Оупен" деп аталатып АТР 500 санатындағы жарыстың басталғанына бүгін бес күн. Жарыстың осы күні Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Польша теннисшісі Хурберт Хуркачпен кездесті. Алғашқы сетте барлығы тең болып келе жатты. Алайда бел ортаға келген тұста поляк теннисшісі Бубликтің геймінде жеңіске жетіп, есепте алға шықты. Одан кейін өзінің соққыларын түгелімен алып отырды. Нәтижесінде, 6:4 есебі тіркеліп, Хуркач алғашқы сеттің жеңімазы атанды. Әлбетте, кездесудің фавориті Хуркач еді. Өйткені ол осы қазірдің өзінде әлемнің 10 ракеткасы болып саналады. Ал Бублик болса осы айда 44 орында тұр. Жақын арада бір-екі позиция көтерілуі ықтимал. 

1998 жылы туған екі теннисшінің физикалық дене бітімдері біркелкі. Бойлары 196, соққыны негізінен оң қолмен жасайтындар. Алғашқы соққылары ғаламат. Екінші сетте сол алғашқы соққының керемет болғандығының арқасында Польшалық теннисші басымдылық көрсетті. Тағы да бір мәрте брэйк жасап, есепте алға шықты. Одан кейін Александрда тура сондай мүмкіндік болды. Бірақ отандасымыз соңғы сәтте қиыс кетті. 

Енді жарыста қазақстандық теннисшілерден ешкім қалмады. Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Бейбіт Жұқаев секілді жігіттердің барлығы алғашқы айналымнан-ақ жарысты аяқтады. Бубликті жеңген Хурберт Хуркая ширек финалға жолдама алды. Демек алдағы уақытты әлемнің 6 ракеткасы Стефанос Циципаспен кездеседі деген сөз. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу