Бубликтің жолы болмады

1384

ATP жариялаған рейтингте Александр Бублик бірден 3 саты жоғары көтеріліп, 33-орынға жайғасты. Соған қарамастан соңғы кездері отандасымыздың жолы болмай жүр.

Бубликтің жолы болмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан ATP турнирін сәтсіз бастады. Ол грузиялық теннисшісі Николоз Басилашвилимен бірге Марсело Аревало - Жан-Жюльен Ройер жұбымен кездесті. Қазақстандық-грузиялық екі сетте қарсыластарынан 3:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу бір сағат 12 минутқа созылды. Ойын барысында Бублик пен Басилашвили жұбы жеті рет қиыс кетіп, екі қателік жіберді. Сонымен қатар Бублик пен оның серіктесі алты ұпай жинап, үш гейм қатарынан жеңіске жетті. Бұл кездесу құмдауыт төсеніште, 1/8 финал аясында өтті.

Еліміздің үздік теннисшісі жұптық сайыста жеңілгенімен, бүгін кортқа қайта шығады. Ол енді жекелей сында бағын сынап көрмек. Турнирдің 1/16 финалында Александр 23 жастағы финляндиялық теннисші Эмиль Руусувуоримен кездеседі. Ол 1/32 финалда 40 жастағы испаниялық Фелисиано Лопесті 6:0, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Бублик пен Руусувуори арасындағы матч бүгін елорда уақытмен 16:20-да басталады.

Александр Недовесов Сербия астанасы Белградта өткен жұптық АТР турнирінен шығып қалды. Пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге қазақстандық теннисші Томислав Бркич - Никола Качичтен жеңілді.

Дмитрий Попко Чехияның астанасы Прагада өтіп жатқан ерлер арасындағы Челленджер турнирінде жекелей сында бірінші айналымнан әрі аса алмады. Украиналық теннисші Алексей Крутыхқа қарсы өткен ойында Попко екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңілді. Кездесу бір сағат 13 минутқа созылды.

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирді жеңіспен бастады. 22 жастағы Рыбакина бірінші айналымда 19 жастағы германиялық Настасья-Мариана Шункпен кездесіп, екі сетте де жеңіске жетті. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Алғашқы сетте Елена тай-брейкте (7:6) жеңсе жетсе, екінші сетте де қарсыласынан айласын асырды - 7:5. Енді Рыбакина ертең 1/8 финалда әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу