Бұдан былай өзбек футболшыларына ұлттық тағамын жеуге тыйым салынады

Өйткені, ұлттық құрама ойыншыларымен Испаниядан келген аспаз және кәсіби нутрициолог жұмыс істемек.  

Бұдан былай өзбек футболшыларына ұлттық тағамын жеуге тыйым салынады Фото: Offside.kz

Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығы ресми хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Бүгінгі футболда дұрыс тамақтану табыстың маңызды бөлігі саналады. Себебі ойыншылар энергиясын сақтап, дене салмағын тұрақты деңгейде ұстауы керек. Сол себепті құрамаға арнайы тамақтану бойынша мамандар шақыртылды, – деп жазылған ақпаратта.

Футболшылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету, оларды 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындау су жаңа мамандардың негізгі міндетіне жатады. 

Upl.uz басылымы жергілікті футбол қауымдастығының мұндай қадамға барғанын былайша топшылайды. Осыған дейін жанкүйерлер әлеуметтік желілерде Өзбекстан құрамасының футболшыларын палауды тым көп жейтінін, сол себепті қимыл-қозғалыстары жай екенін сынаған болатын.

– Енді футболшылардың мәзірінде палау емес, дұрыс әрі теңгерімді тамақ басым болатын секілді, – деп жазады жергілікті басылым.

Еске салайық, Өзбекстан құрамасын атақты Фабио Каннаваро жаттықтырады. Ол ұлттық құрама тізгінін 6 қазан күні алса, шәкірттері небәрі 3 күннен соң Кувейтті 2:0 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу