Жаңа түзетулер көп ұзамай өз күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, алдағы уақытта педофилдерге химиялық кастрация бостандыққа шығар алдында жасалмақ. Бұл болашақтағы қылмыстың алдын алу үшін жасалып отыр.
– Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады.Мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жібереді.
Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды, – делінген Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында.
Бұйрық ресми жарияланған күннен соң 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енетін болады.