"Будучност" бапкері: Біздің бюджет 1 миллион ғана

1442

"Астананы" жеңген Черногория чемпионы "Будучност" елордалық клубтың бетпердесін шешті. 

"Будучност" бапкері: Біздің бюджет 1 миллион ғана

Ойын аяқталған соң тілшілерге сұқбат берген Младен Милинкович өзінің командасы жайлы мақтана сөйледі. 

- Мен өзімнің футболшыларыма ризамын. Оларды үлкен жеңіспен құттықтаймын. Матч алдында мен оларға "Біз кішкентай ғана елміз, бірақ үлкен футбол клубтарын жеңе аламыз" деп айттым. Жоғарғы деңгейде ойнауға болатынын да түсіндірдім. Олар алаңда барлығын жасады. Біз негізі чемпионатымызды сәтсіз бастадық. Алматыға үздік ойыншымызды алып келе алмадық. Сондықтан да, психологиялық ауыртпалықты сезіндік. Еурокубокта үлкен тәжірибиесі бар "Астананы" тізерлеттік. Бұл біз үшін зор мақтаныш. 

- "Астана" Сіз күткендей ойнай алмады ма?

- "Астананың" шабуыл шебінде мықты футболшылар бар екенін біліп келдік. Әсіресе Томасов мықты ойыншы. Бірақ, ол негізгі құрамда алаңға шықпады. Неге екенін біле алмадым. 

- Келесі ойында "Сараево" командасымен кездесесіздер. Ол матч "Астанаға" қарағанда қиын болатын шығар. 

- Бәлкім. Біз бір-бірімізге жақын елміз ғой. Босния не, Черногория не көп айырмашылық жоқ. Футболымыз кезінде бір болған. Дегенімен, "Астанаға" қарағанда жеңіл болатыны анық. 

- "Астананың" бюджеті оншақты миллион еуроны құрайды. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Ал Сіз баптайтын клубтың бюджеті қандай?

- "Будучност" клубының жылдық бюджеті 1,2 миллион еуро. Ол қаржы біздің академияға, жастар командаларына да жұмсалады. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу