5 желтоқсан күні АҚШ астанасы Вашингтонда футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төрт құрлық түгел көз тігетін турнирге тұңғыш рет 48 құрама қатысатын болды. Әрбір топтан алғашқы екі орын алған екі құрама, үшінші орын алған 12 құрамадан үздік көрсеткішке ие болған сегіз құрама 1/16 финалға шығады. Жаһандық жарыс барлығы 39 күнге (11 маусым-19 маусым) созылады.
Әлем чемпионатында бақ сынайтын құрамалар төрт себетке бөлінген. Қазір оған қатысатын 42 құрама белгілі болып отыр. Қалғаны алдағы жылы болатын плей-офф ойындарында анықталады.
Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Бірінші себет: Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия, Германия.
Екінші себет: Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Аустрия, Аустралия.
Үшінші себет: Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Қатар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка.
Төртінші себет: Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния және Герцеговина), еуропалық В жолы плей-оффы (Украина/Швеция/Польша/Албания), еуропалық С жолы плей-оффы (Түркия/Румыния/Словакия/Косово), еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия), құрлықаралық өтпелі ойындар – 1 бағыт (Жаңа Каледония/Ямайка/Конго ДР), құрлықаралық өтпелі ойындар – 2 бағыт (Боливия/Суринам/Ирак).
Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде. Осы кезге дейін футболшыларымыз Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен есе жіберді. Сондай-ақ, Солтүстік Македония және Бельгиямен (1:1) тең тарқасса, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте жеңді.