11 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының соңғы күні өтеді. Қазақстан құрамасының тоғыз боксшы алтын медаль үшін қолғап түйістіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтық сында шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылар:
48 келі: Санжар Тәшкенбай – Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)
54 келі: Махмұд Сабырхан – Шахзод Музфаров (Өзбекстан)
57 келі: Оразбек Асылқұлов – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан)
67 келі: Дулат Бекбауов – Мужибилло Тұрсынов (Өзбекстан)
71 келі: Абылайхан Жүсіпов – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
75 келі: Диас Молжігітов – Джавахир Умматалиев (Өзбекстан)
86 келі: Бекзат Нұрдәулетов – Жасұрбек Юлдашев (Өзбекстан)
92 келі: Сағындық Тоғамбай – Парвиз Каримов (Тәжікстан)
92 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Ремула Абудурексити (Қытай)
Финалдық бәсекелер Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.