Бүгін Астана күні тойлануда

2329

Биыл Елорда 25 жылдық мерейтойын атап өтуде.  

Бүгін Астана күні тойлануда Фото: Астана

Астана 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 4 ауданға бөлінген.

Биыл Қазақстанда Астананың 25 жылдығы атап өтіледі. Мерейтойлы мерекенің құрметіне елордада жүзден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін фестивальдер, көрмелер, концерттер әзірленіп отыр. Олардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық әрі кіру тегін, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

5-6 шілдеде сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін "Гүл шаһары – Астана" республикалық суретшілер планерін өткізу жоспарланып отыр. Онлайн конкурсқа 80 жұмыс жіберілді, қорытындысында ЭКСПО алаңында үздік 15 жұмыс бойынша көрме ашылады. Кіру тегін.

5-6 шілде күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған "Гүл Астана" эко-фестивалі ұйымдастырылады. Кіру тегін.

Сол сияқты 6 шілде күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешенінде "Ел жүрегі – Астана" көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

6 шілдеде елорданың елді мекендерінде қала тұрғындары мен қонақтарына арналған "Думанды Астана" концерті өтеді. Нақтырақ тоқталар болсақ:

Байқоңыр ауданы:

  •  Кирпичный – сағат: 12.00-13.30;
  •  СМП – сағат: 14.00-15.30;
  •  Өндіріс елді мекені, Ақбидай көшесі, 6. Сағат: 16.00-17.30;

Сарыарқа ауданы:

  • "Көктал" паркі, сағат: 11.00-12.40;
  • қалалық алаң, сағат: 15.00-20.00;

Нұра ауданы:

  • Сығанақ көшесі, 1, сағат: 14.00-15.40;

Есіл ауданы:

  • Пригородный, сағат 12.00-15.00;

Алматы ауданы:

  • Промышленный, Шалкөде көшесі, 1. Сағат: 15.00-16.30;
  • Интернациональный, Мекере көшесі, 2/1. Сағат: 15.00-16.30. Кіру тегін.

Бұдан бөлек 6 шілде күні ЭКСПО алаңында Open Аir ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада Маржан Арапбаева, Аука, Дос, Akha, Мирас Жүгінісов, Қазбек Құрайыш, Еркеш Хасен, Qanay, Raim секілді отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар тыңдарман қауым үшін құпия жұлдыз тосынсый болмақ. Басталуы сағат 18.00-де. Кіру тегін.

6 шілде күні сағат 18.00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Махаббат бар ма?" лирикалық комедиясы қойылады.

6 шілде күні сағат 19.00-де Қазақ елі алаңында "Жайнай бер, Астана" гала-концерті өтеді. Ал сағат 19.00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында "Болмаған балалық шақ" драмасын ұсынылады. Билеттер Тикетон веб-сайтында қолжетімді болмақ.

Осы күні сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында танымал "Гауһартас" музыкалық драмасы өтеді.

Ал сағат 19.30-дан 22.30-ға дейін елордалық саябақтың Амфитеатрында "Астана – мәдениет керуені" әскери оркестр бойынша халықаралық әскери-музыкалық фестиваль өтеді.

6-8 шілде күндері аралығында Орталық саябақта Mereke Street отбасылық демалыс фестивалі өтеді. Уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін. Кіру тегін.

Ал 6-9 шілде күндері елордалық циркте "FRANKE SHOW" жұлдызды цирк бағдарламасы өтеді. Басталуы: 16:00-де. Билеттер Тикетон сайтында қолжетімді.

Сонымен қатар 7 шілдеде "KITAP FEST" республикалық кітап көрмесі өтеді. Уақыты 11:00-ден 19:00-ге дейін. Кіру тегін.

Осы күні елордалық филармонияда "Шаншар, Алдараспан, Шымкент шоу" концерті өтеді.

Ал сағат 19.00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Восемь любящих женщин" детективтік трагикомедиясы өтеді.

7-8 шілде күндері сағат 17.00-де Амфитеатрда "JAZZ FEST" музыкалық джаз фестивалі өтеді.

8-9 шілде аралығында Орталық саябақта, Амфитеатр аумағында көше тағамдары фестивалі өтеді. Басталуы 12:00-ден 20:00-ге дейін. Кіру тегін.

8-9 шілдеде сағат 19.00-де Музыкалық жас көрермен театры "Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклінің премьерасын ұсынады.

8-9 шілдеде сағат 18.00-де "Жастар" театрында "Қанаттылар" инклюзивті театрында "Күле аласыз ба?" қойылымын ұсынады.

Сол сияқты 6-9 шілде аралығында бүлдіршіндер үшін Қуыршақтар театры мерекелік бағдарлама әзірлеп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу