Бүгін Бүкіләлемдік үстел теннисі күні

1233

Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин елімізде бұл спорт түрінің қалай дамып жатқанымен бөлісті.

Бүгін Бүкіләлемдік үстел теннисі күні Фото: ҚР Үстел теннисі Федерациясы

Бүгін, 23 сәуірде Дүниежүзілік үстел теннисі күні атап өтіледі. Әдеттегідей, бұл күні үстел теннисі әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық жанкүйерлерін біріктіреді және шынымен де барлығына және әркімге арналған спорт екенін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ITTF-тің шешімі биылғы мерекенің ерекше ұраны болды - "Тұрақты даму туралы ойла, дәл қазір әрекет ет". 

Осы мерекелік іс-шараның құрметіне Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин құттықтау жеделхатымен сөз сөйледі.

"Құрметті үстел теннисінің әуесқойлары, құрметті спорт жанкүйерлері! Бүгін әлемдік спорт қауымдастығы ең серпінді спорт түрі-дүниежүзілік үстел теннисі күнін атап өтуде. Біздің елімізде үстел теннисі жоспарлы түрде дамып келе жатқан ең бұқаралы және қол жетімді спорт түрлерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің және ел өңірлерінде материалдық-техникалық базаны нығайтудың арқасында балалар және жасөспірімдер мектептері мен үстел теннисі клубтарында шұғылданушылардың көбеюін атап өтуге, құрама резервін тәрбиелеу және спортшыларымыздың жетістіктері туралы сенімді түрде айтуға болады", - деді Данияр Әбілғазин.

Сондай-ақ ол өткен жылдардағы жұмысты бағалай отырып, Қазақстанның әлемдік үстел теннисіндегі өз позициясын нығайтқанын атап өтті. Ұлттық құрама спортшылары өздерін үнемі танытып, халықаралық спорт аренасында лайықты нәтижелер көрсетіп, беделді турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып, әлемдік рейтингтегі позицияларын жақсартты.

Мысалы, біздің жас спортшымыз Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында аралас жұптық разрядта "алтын", сондай-ақ жеке біріншіліктің қола медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұған дейін ол бізді жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қоласымен қуантты. Елімізде мықты мінезді және жеңіске деген ерік-жігері бар чемпиондардың мықты ұрпағы өсіп келеді, бұған қуанбау мүмкін емес.

Бұл чемпиондарды мықты жаттықтырушылар тәрбиелеп отыр.

Данияр Әбілғазиннің пікірінше, жергілікті мамандардың тәжірибелік білімі мен біліктілігін арттыруға ерекше назар аударуымыз керек. Қазақстандық тәлімгерлер үнемі халықаралық курстарға қатысады және шетелдік шеберлермен тәжірибе алмасады. 2022 жылдан бастап жаттықтырушыларды ынталандыру, көтермелеу және материалдық қолдау көрсету мақсатында біз облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жаттықтырушыларына ай сайынғы стипендия төлеу туралы шешім қабылдадық.

Қазақстан ірі турнирлерді ұйымдастыруда да өзін жақсы көрсетуде. Жыл сайын біздің еліміз үстел теннисі бойынша халықаралық және континенттік старттарды қабылдайды, сондай-ақ ТМД елдерінің аумағында өтетін халықаралық үстел теннисі федерациясының қолдауымен өтетін жалғыз рейтингтік турнир - "WTT Contender Almaty" жарыстарында әлемнің атақты теннисшілердің басын қосады. Қазақстанның ұйымдастыру шараларының және қонақжайлылығының жоғары деңгейін шетелдік федерациялардың өкілдері де, спортшылардың өздері де жоғары атап өтеді. Осы жазда Алматыда "WTT Youth contender Almaty" турнирін өткізуді жоспарлап отырмыз, онда жас ракетка шеберлері өз араларында ең мықтыларын анықтайтын болады.

"Біздің федерациямыз еліміздің түкпір-түкпірінде спорттың бұқаралығы мен қолжетімділігін дамытуға әрқашан басымдық беруде және қазір атқарылған жұмыстың алғашқы жемісін көре аламыз: келешегі зор спортшылардың жаңа буыны пайда болуда, спорт мектептерінде үстел теннисі бөлімшелері мен залдарының саны артып келеді, Қазақстан өңірлерінде материалдық-техникалық базалар жарақтандырылды, облыстық федерациялардың дамуына ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар бүкіл ел бойынша үстел теннисі әуесқойларының саны артып келеді және бұл жұмыс жалғасады. Бұл күні Қазақстанның үстел теннисі Федерациясының атынан, сондай-ақ өз атымнан кәсіби спортшыларға және біздің спорт түрінің барлық әуесқойларына зор денсаулық, амандық және жаңа шыңдарды бағындыруды тілеймін!", - деп ізгі тілегін білдірді Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Айта кетейік, (ITТF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы, мерекенің жаңа күні 23 сәуір болатынын жариялады (бұл күн бұрын жыл сайын 6 сәуірде атап өтілетін).

Жаңа күн белгілі бір себеппен таңдалды: бұл Халықаралық федерацияның ұзақ тарихын көрсетеді. 23 сәуірде әйгілі Айвор Монтегю дүниеге келді, ол өз заманының ең мықты Британдық теннисшісі, 1926 жылы алғашқы үстел теннисінен әлем чемпионатының ұйымдастырушысы және ITTF-тің негізін қалаушысы және бірінші президенті болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу