Бүгін даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың туған күні

671

Қазақ боксының тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы егер тірі болғанда 45 жасқа толар еді...

Бүгін даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың туған күні Фото: gov.kz

Бекзат 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген.

Ол 1998 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінен алған күміс медалі боксшының алғашқы жеңістерінің бірі болды. Ал 1999 жылы Ташкент қаласында өткен Орталық Азия чемпионатында ол жеңіс жолын жалғастырды.

Қазақ спорты үшін ең ірі оқиғаның бірі, Бекзаттың Сидней Олимпиадасындағы жеңісі болған еді. 

Ол Сидней Олимпиадасында әлемнің үздік былғары қолғап шеберлерін жеңіп, Қазақстанға тарихи алтын медаль сыйлады.

1-айналым: Румыниялық Овидиу Бобирнатты 14:5 есебімен жеңді

2-айналым: ОАР өкілін 16:5 есебімен ұтты

Ширек финал: Еуропа чемпионы Рамазан Палианиді 12:11 есебімен жеңіп, жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді.

Жартылай финал: Марокколық Тамсаманиден 12 ұпай артықшылықпен басым түсті

Финал: 1999 жылғы әлем чемпионы, америкалық Рикардо Хуаресті 22:14 есебімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды!

Осы орайда Түркістан қаласындағы "Olympic Center" спорт кешенінде бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туылған жастар арасындағы турнир өтуде.

Бекзат – қазақ спортының символына айналған ұлы тұлға. Оның ерлігі ұмытылмайды!

Еске аламыз, мақтан тұтамыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу