Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар бақ сынайды

421

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші ойын күні, 15 маусымда үш ойын өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар бақ сынайды Фото: Еuro2024

Алдымен 18:00-де А тобында. Венгрия мен Швейцария ойнады.

Екі құрама қазірге дейін 46 мәрте кездескен, оның 30-ы венгриялық құраманың басымдығымен аяқталса, 5-і тең аяқталып, қалғанында швейцариялық футболшылар жеңіске жетті.

Құрлықтық додада Венгрия бесінші мәрте бақ сынап отырса, Швейцария алтыншы мәрте қатысуда.

Одан кейінгі Испания мен Хорватия ойыны 22:00-ге белгіленген. Кездесуді жанкүйерлер "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазірге дейін екі құрама 10 мәрте шеберлік байқасты. Олардың 5-і испаниялық құраманың жеңісімен аяқталса, 2-де тең нәтиже тіркеліп, қалғанында Хорватияның мерейі үстем болды.

Испания биыл құрлықтық дода финалдық сатысында оныншы мәрте ойнап жатса, Хорватия жетінші мәрте келді.

Бүгінгі ойындарды сағат 23:55-те Италия мен Хорватия кездесуі түйіндейді. Ойын "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама арасындағы бұған дейінгі 4 кездесудің барлығында италиялық футболшылар жеңіске жетті.

Айта кетейік, кездесу "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу