Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды

532

Бүгін D тобында Нидерланд пен Австрия шеберлік байқасады. 

Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды Фото: Советский спорт

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 25 маусымда С және D топтарында үшінші тур ойындары өткізіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бүгін сағат 21.00-де D тобында Нидерланд пен Австрия шеберлік байқасады. Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында өтеді. Қазірге дейін құрамалар жиырма мәрте кездессе, онында Нидерланд, алтауында Австрия жеңіп, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Дәл сол уақытта аталған топта Франция мен Польша кездесуі басталады.

Ойын Дортмунд қаласындағы "Сигнал Идуна Парк" стадионында өткізіледі. Қос қарсылас өзара он сегіз мәрте кездессе, тоғызында Франция, төртеуінде Польша басым түсіп, қалғанында жеңімпаз анықталған жоқ. Аталған топта бірінші турда Франция Австрияны 1:0, Нидерланд Польшаны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші турда Франция мен Нидерланд 1:1 есебімен тең ойнаса, Австрия Польшаны 3:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ 00.00-де C тобында Англия мен Словения ойнайды. Кездесу Кёльн қаласындағы "Райн-Энерги" стадионында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу