Бүгін, 5 шілдеде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Испания мен Германия және Португалия мен Франция құрамаларының жолдары түйіседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кешкі сағат сағат 21.00-де Испания мен Германия шеберлік байқасады. Кездесу Штутгарт қаласындағы "МХП" стадионында өтеді. Ойынға танымал төреші Энтони Тэйлор төрелік етеді.
Түнгі сағат 00.00-де Португалия мен Франция кездесуі басталады. Ойын Гамбург қаласындағы "Фолькпаркштадион" стадионында өтеді. Ойынға бас қазы Майкл Оливер төрелік етеді.
Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Айта кетейік, Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу