Бүгін Еуропа чемпионатының 1/8 финалында қай құрамалар ойнайды

1436

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде 1/8 финалда соңғы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Еуропа чемпионатының 1/8 финалында қай құрамалар ойнайды Фото: UA Football

Кешкі сағат сағат 21.00-де Румыния мен Нидерланд шеберлік байқасады. Кездесу Мюнхен қаласындағы "Альянц-Арена" стадионында өтеді.

Е тобында сынға түскен Румыния Украинаны 3:0 есебімен жеңсе, Румыниямен 1:1 есебімен тең ойнап, Бельгияға 0:2 есебімен есе жіберді.

Ал, Нидерланд D тобында Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Бүгін түнгі сағат 00.00-де Аустрия мен Түркия кездесуі басталады. Ойын Лейпциг қаласындағы "Ред Булл-Арена - Центральштадион" стадионында өтеді. 

D тобында ойнаған Аустрия Францияға 0:1 есебімен жеңілсе, Польшадан 3:1. Нидерландтан 3:2 есебімен басым түсті.

F тобында ойнаған Түркия құрамасы Грузияны 3:1, Чехияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Португалияға 0:3 есебімен есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу