Еліміздің атынан аталған турнирде алматылық "Қайрат" сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның "Олимпия" (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның "Слован" (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.
Ал плей-офф кезеңінде Шотландияның "Селтик" командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.
Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
1 себет: "ПСЖ" (Франция), "Реал Мадрид" (Испания), "Манчестер Сити" (Англия), "Бавария" (Германия), "Ливерпуль" (Англия), "Интер" (Италия), "Челси" (Англия), "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Барселона" (Испания)
2 себет: "Арсенал" (Англия), "Байер" (Германия), "Атлетико Мадрид" (Испания), "Бенфика" (Португалия), "Аталанта" (Италия), "Вильярреал" (Испания), "Ювентус" (Италия), "Айнтрахт" (Германия), "Брюгге" (Бельгия),
3 себет: "Тоттенхэм" (Англия), ПСВ (Нидерланд), "Аякс" (Нидерланд), "Наполи" (Италия), "Спортинг" (Португалия), "Олимпиакос" (Грекия), "Славия Прага" (Чехия), "Буде-Глимт" (Норвегия), "Марсель" (Франция)
4 себет "Копенгаген" (Дания), "Монако" (Франция), "Галатасарай" (Түркия), "Юнион" (Бельгия), "Карабах" (Әзербайжан), "Атлетик" (Испания), "Ньюкасл" (Англия), "Пафос" (Кипр), "Қайрат" (Қазақстан).
Жарыс ережесіне сәйкес 1-8 орын алған командалар бірден 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-24 орын алған клубтар 1/16 финалда сынға түсіп, жарыстың келесі сатысына шығады. Қалған командалар еурододадағы жарыс жолын аяқтайды.