Бүгін футболдан UEFA чемпиондар лигасының финалы өтеді

892

Чемпиондар лигасының финалында "Реал Мадрид" (Испания) мен "Боруссия Дортмунд" (Германия) кездеседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін футболдан UEFA чемпиондар лигасының финалы өтеді Фото: ru.uefa.com

Кездесу "Qazsport" телеарнасынан бүгін, 1 маусым 23:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.

"Реал Мадрид" алдымен Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Италияның "Наполи" (3:2, 4:2), Португалияның "Спортинг Брага" (2:1, 3:0), Германияның "Унион Берлин" (1:0, 3:2) клубтарымен ойнады. 

Өз тобында бірінші орын алған клуб плей-офф сатысында Германияның "Лейпциг" (1:0, 1:1), Англияның "Манчестер Сити" (3:3, 1:1, пенальтиден 4:3), Германияның "Бавария" (2:2, 2:1) клубтарын орта жолда қалдырды. 

Ал "Боруссия Дортмунд" топтық кезеңде Францияның "Пари Сен-Жермен" (2:2, 1:1), Италияның "Милан" (0:0, 3:1), Англияның "Ньюкасл Юнайтед" (1:0, 2:0) клубтарымен кездесті. 
Жарыстың келесі сатыларында Нидерландтың ПСВ (2:0, 1:1), Испанияның "Атлетико Мадрид" (4:2, 1:2), Францияның "Пари Сен-Жермен" (1:0, 1:0) клубтарынан басым түсті.

Финал Англия астанасы Лондон қаласындағы "Уэмбли" стадионында өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу