Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта кездесу өтеді. "Қайрат" өз алаңында бельгиялық "Андерлехтті" қабылдайды. Матч 20:00-де Балуан Шолақ аренасында басталады. Кездесуді QazSport арнасынан тамашалай аласыздар.
Ал, Польшаның Гливице қаласында "Семей" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Пьяст" командасымен шешуші матч өткізеді. Ойын 23:00-де басталады. Тікелей эфир QazSport арнасында көрсетіледі.
1/4 финал матчтары 23 ақпан мен 6 наурызда өтеді. Тізімде алғаш көрсетілген командалар алғашқы ойынды өз алаңында қабылдайды.
“Йорринг” / “Этуаль” – “Семей” / “Пяст”
"Хит” / “Пальма” – “Приштина 01” / “Рига”
“Араз” / “Бенфика” – АЕК / “Спортинг”
“Спортинг-Андерлехт” / “Қайрат” – “Луксол Сент-Эндрюс” / “Картахена”
Төрт ширек финалдық жұптың жеңімпаздары 8-10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Жартылай финалдың жеребесі бөлек тартылады.