Ойындар 17-22 наурыз аралығында Норвегияда өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, 2027 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін алғашқы ойын үшін алаңға шығады. Қарсыластар – Чехия, Беларусь және Норвегия. Чехиямен матч бүгінге жоспарланса, 19 наурыз күні Норвегияға қарсылас атанады, ал 21 наурызда Беларусьпен өзара мықтыны анықтайды.
Ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов шақырылған ойыншылар тізімін жария етті.
Қақпашылар: Светлана Гейниц, Зулейра Әбішева (екеуі де – "Қайрат");
Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы "Қайрат"), Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де – "Атырау"), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де – "Ақтөбе"), Айсана Зекен ("Астана"), Людмила Коноплева ("Alliance Астана"), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де – "Қайрат").
Ал B тобында Босния және Герцеговина, Сербия, Англия, Литва, C тобында Словения, Франция, Солтүстік Ирландия, Латвия шеберлік байқасады.
Әр топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге қол жеткізген 2 құрама жарыстың келесі сатысына шығады.