banner

Бүгін хоккейден Президент кубогы басталады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3264

​"Барыс-Арена" мұзайдынында шайбалы хоккейден халықаралық деңгейдегі ҚР Президенті кубогы додасы жалауын көтереді.

Бүгін хоккейден Президент кубогы басталады Фото: hcbarys.kz

Дәстүрлі ҚР Президенті кубогы биыл 9-12 тамыз аралығында өтеді. Оған Ресейден екі клуб келеді. Қатысатын командалар саны – төртеу. Атап айтқанда – Қазақстан құрамасы, "Барыс" (Астана), "Нефтехимик" (Нижнекамск, Ресей) және "Амур" (Хабаровск, Ресей).

"Барыс" хоккей клубының ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, билеттер 200 теңгеден басталады. "Барыстың" ойындарына көру үшін әр орынның орналасу секторына байланысты 200-2500 теңге төлеу керек болады. Ал қалған үш команданың билеттері арзан – 200-500 теңге аралығында.

Биылғы Президенті кубогы халықаралық додасы бір айналымдық жүйемен өтеді. Осы ретте, ойындар күнтізбесімен таныс болыңыздар:

9 тамыз, бейсенбі
14:00 – Қазақстан құрамасы – "Нефтехимик"
19:30 – "Барыс" – "Амур"

10 тамыз, жұма
14:00 – "Амур" – Қазақстан құрамасы
19:30 – "Барыс" – "Нефтехимик"

12 тамыз, жексенбі
12:00 – "Нефтехимик" – "Амур"
17:00 – "Барыс" – Қазақстан құрамасы

Президент кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының сапы
Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогы додасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының сапы жарияланды.

Президент кубогы додасына Қазақстан құрамасының намысын әлеуеті зор, ұлттық құрама сапында ойнаудан үмітті хоккейшілер қорғайды. Бұл құраманының тізгіні Юрий Михайлиске ұстатылған. Енді команда құрамына шақыртылған хоккейшілер тізіміне көз жүгіртіңіздер:  

қақпашылар
Сергей Кудрявцев ("Барыс", Астана)
Владимир Крамарь ("Номад", Астана)
Денис Каратаев ("Снежные Барсы", Астана)

қорғаушылар
Леонид Метальников ("Торпедо", Өскемен)
Руслан Ибатуллин ("Торпедо", Өскемен)
Евгений Болякин ("Бейбарыс", Атырау)
Егор Шалапов ("Барыс", Астана)
Иван Степаненко ("Бейбарыс", Астана)
Александр Пелевин ("Номад", Астана)
Александр Долгушев ("Номад", Астана)
Никита Церенок ("Номад", Астана)
Никита Клещенко ("Номад", Астана)
Всеволод Яхонт ("Теміртау")

шабуылшылар
Дмитрий Гренц ("Барыс", Астана)
Антон Сагадеев ("Барыс", Астана)
Артём Лихотников ("Барыс", Астана)
Дмитрий Гурков ("Барыс", Астана)
Владислав Никулин ("Барыс", Астана)
Егор Петухов ("Барыс", Астана)
Михаил Рахманов ("Алтай-Торпедо", Өскемен)
Никита Баженов ("Арлан", Көкшетау)
Кирилл Савицкий ("Номад", Астана)
Валерий Гурин ("Номад", Астана)
Дмитрий Макеев ("Номад", Астана)
Антон Некряч ("Номад", Астана)
Иван Верещагин ("Номад", Астана)
Дмитрий Преснов ("Номад", Астана)

Президент кубогында бақ сынайтын "Барыс" клубының құрамы
Шайбалы хоккейден бүгін басталатын ҚР Президенті кубогы додасына қатысатын "Барыс" клубының сапы да белгілі болды.

Ал "Барыс" хоккей клубы жаңа маусым алдында ойын жүйесін жетілдіре түсуге көңіл бөледі. Бірақ командаға қайта оралған Брэндон Боченски қатыспайды. Бапкерлер алқасы "команда капитанын сынақтан өткізудің қажеті жоқ" деп шешіпті.

қақпашылар
Хенрик Карлссон
Дмитрий Мальгин 

қорғаушылар
Кевин Даллмэн
Даррен Диц
Максим Семёнов
Артемий Лакиза
Кирилл Полохов
Валерий Орехов
Алексей Маклюков
Артём Бакушин

шабуылшылар
Талғат Жайлауов
Әлихан Әсетов
Роман Старченко
Никита Михайлис
Кирилл Панюков
Патрис Кормье
Кёртис Волк
Андре Петерссон
Павел Акользин
Иван Кучин
Ярослав Евдокимов
Дмитрий Шевченко

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу