Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында "Копенгагенмен" кездеседі

110

Матч Қазақстан уақыты бойынша 22:35-те басталады. 

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында "Копенгагенмен" кездеседі Фото: Қайрат ФК

Бүгін алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының бесінші турында "Копенгагенге" қарсы ойнайды.

Даниялық клуб ойыншылары қазір бабында деп айту қиын. Чемпиондар лигасында қазақстандықтармен бірдей ұпай жинағанына қарамастан, даниялықтар еурокубоктардың тұрақты қатысушылары, талай рет плей-офф кезеңіне дейін жеткен тәжірибелі команда.

Алдыңғы маусымда "Копенгаген" "Манчестер Юнайтед" пен "Галатасарайды" жеңіп, "Бавариямен" тең ойнаған.

Сондай-ақ, өткен маусымда сырт алаңда Конференция лигасының финалисті "Бетиспен" тең түсті. "Қайрат" әзірге мұндай жетістіктермен мақтана алмайды. Алайда алматылықтардың жақында "Интерге" минималды есеппен есе жіберуі дебютантпен өтетін матч алдында даниялықтарды ойландыруы тиіс.

Маусым барысында "Копенгаген" чемпиондық атағына қарамастан тұрақсыз өнер көрсетіп, Суперлигада тек 4-орында келеді. Өткен демалыста олар басты қарсыластарының бірі – "Брондбюді" жеңді. 

"Копенгагеннің" биылғы құлдырауының негізгі себептерінің бірі ойыншыларының жарақат алуы. Қазіргі уақытта  жарақат алғандар қатарында алты футболшы бар. Олардың басым бөлігі негізгі ойыншылар. Жазда команда екі талантты ойыншысымен қоштасуға мәжбүр болды. Ал жаңа келгендердің барлығы бірдей өзін жақсы қырынан көрсете алған жоқ.

Ал, біздің команданың бабы қандай? Қазақстанда футбол маусымы қазан айында аяқталған. Алматылықтар 1 ай бойы ресми матч өткізген жоқ. Сондықтан олардың қазіргі бабына баға беру қиын. Бұл жағдай, әсіресе 70-минуттан кейін матчты қиындата түсуі мүмкін. Дегенмен, "Копенгаген" ұпай алуға болатын сирек қарсыластардың бірі. Мұны екінші турда даниялықтарды 2:0 есебімен жеңген "Қарабах" дәлелдеді.

Бүгін "Қайратты" тартысты матч күтіп тұр. "Копенгаген" қазір әлсіреген күйде. Бірақ, алматылықтардың да 1 айдан бері ресми ойын өткізбегенін ескеру керек. Сондықтан екі команданың да деңгейін нақты бағалау қиын. Оған қоса екі команда да Чемпиондар лигасы аясында әзірге бір ұпай ғана жинаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу