Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында "Олимпиакоспен" кездеседі

204

Бүгінгі матчта Дастан Сәтпаев алаңға шықпайды. 

Бүгін "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында "Олимпиакоспен" кездеседі

Бүгін, 9 желтоқсанда Астанада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы туры аясында алматылық "Қайрат" пен грекиялық "Олимпиакос" командалары кездеседі. Астана-Арена стадионында өтетін матч жергілікті уақыт бойынша 20:30-да басталады.

Ойынның тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ кездесуді арнаның ресми сайтынан да тамашалауға болады.

Матчтың бас төрешісі болып испаниялық Хуан Мартинес тағайындалды. Қапталдағы көмекшілері – Рауль Кабаньеро мен Иньиго Прието. Төртінші төреші міндетін Хавьер Альберола атқарады. VAR жүйесіне Карлос дель Серро жауапты болса, оның ассистенті – Хавьер Иглесиас Вильянуэва.

Бүгінгі матч алдында "сары-қараларда" бір ұпай, ал грек клубының қоржынында екі ұпай бар. Еуропаның басты клубтық турнирінің негізгі кезеңінде алматылықтар кипрлік "Пафоспен" (0:0) тең ойнап, лиссабондық "Спортингтен" (1:4), мадридтік "Реалдан" (0:5), миландық "Интерден" (1:2) және даниялық "Копенгагеннен" (2:3) жеңіліс тапты.

Турнир кестесінде "Қайрат" 35-орында тұрса, "Олимпиакос" 33-сатыда орналасқан.

Айта кетейік, алматылық ұжым плей-офқа жолдама алу үшін алдағы үш ойында, яғни "Олимпиакос", "Брюгге",  "Арсенал" командаларына қарсы матчта жеңіске жетуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу