Бүгін, 4 қазанда 2025 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогының финалдық матчы өтеді. Финалда шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" кездеседі. Тарихи ойын сағат 19:00-де Қызылордадағы жаңа "Қайсар Арена" стадионында өтпек. Бұл аренадағы алғашқы ресми матч. Ал жанкүйерлерге арналған матч алдындағы іс-шаралар сағат 18:00-де басталады.
Шымкенттіктер үшін де, қостанайлықтар үшін де бұл Қазақстан Кубогы тарихындағы бесінші финал. Екі клубтың еншісінде де екі жеңіс пен екі финалдан бар. Айта кетерлігі, үш финалда олар бір-бірімен кездескен. "Ордабасы" – "Тобыл" кездесуінің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Ел кубогының иегері келесі маусымда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Ойынды Швейцариядан келген төрешілер бригадасы бас төреші Свен Вольфенсбергердің жетекшілігімен жүргізеді.
Биыл ел Кубогының ойындары 33-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі 32 финал бес қалада – Алматы, Астана, Тараз, Шымкент және Ақтөбеде өткен.