Бүгін Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирі аясында маңызды матч өткізеді

120

Бүгінгі матчта Қазақстан құрамасы жеңілмесе, жаңа турнирдің алғашқы жеңімпаздарының бірі атанады.

Бүгін Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирі аясында маңызды матч өткізеді Фото: kff.kz

Бүгін, 31 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирі аясындағы екінші матчын өткізеді. Құрамамыз бұл жолы Комор аралдары құрамасын қабылдайды.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қарсыласқа қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Комор аралдары сапында Еуропада доп теуіп жүрген тәжірибелі ойыншылар бар. Соған қарамастан, команда алдағы ойынға толық дайын.

– Біз командамен бірге Намибия мен Комор аралдары арасындағы ойынды бірге көрдік. Қарсылас құрамында Еуропада ойнайтын футболшылар бар екенін білеміз. Дегенмен, матчқа дайынбыз. Алғашқы ойын алдында 2 күн ғана дайындалсақ, бұл жолы 5 күн уақыт болды. Ойын стилімізді қалыптастырып, өткен жылғы жүйені еске түсіріп жатырмыз. Тек жеңіс үшін ойнаймыз. Жанкүйерлерге эмоция сыйлап, өзіміз үшін де бар күшімізді саламыз, – деді бас бапкер.

Кездесу елордадағы Астана Арена стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Турнирдің алғашқы турында Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңген болатын. Қазіргі таңда топтағы жағдай мынадай: Қазақстан 3 ұпаймен көш бастап тұр. Намибия 2 ұпай, ал Комор аралдары 1 ұпай еншілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу