Бүгін Қазақстан құрамасы ұлттар лигасындағы жорығын бастайды

314

Нидерланд елінен келген Аллард Линдхаут бас төреші міндетін атқарады.

Бүгін Қазақстан құрамасы ұлттар лигасындағы жорығын бастайды Фото: gov.kz

Бүгін, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.

Кездесу қазақстандық уақытпен 19:00-де басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында Нидерланд елінен келген Аллард Линдхаут бас төреші міндетін атқарады. Оған отандастары Йоост ван Зуйлен мен Рогир Хониг көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алекс Бос.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу