Бүгін Михаил Шайдоров Миланда гала-концертте өнер көрсетеді

227

21 ақпанға арналған Қазақстан спортшыларының қысқы Олимпиададағы жарыс кестесі белгілі болды. 

Бүгін Михаил Шайдоров Миланда гала-концертте өнер көрсетеді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында 21 ақпан күні қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен сынға түседі.

Фристайл-акробатикадан 14:45-те аралас командалық сайыс өтеді. Бұл сында ел намысын Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асылхан Асан қорғайды. Аралас командалық бәсекеде спортшылар синхронды әрі техникалық күрделі секірістер орындайды. 

Ал 15:00-де шаңғы жарысынан масс-старт бәсекесі басталады. Қазақстан атынан Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков жарысқа қатысады. Масс-стартта барлық спортшы бір уақытта жолға шығады.

Сондай-ақ, бүгін 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні Қысқы Олимпиада ойындары аясында мәнерлеп сырғанаушылардың гала-концерті өтеді. Аталған шоуға Қазақстан өкілі Михаил Шайдоров та қатысады. Ол "Кунг-фу Панда" мультфильмінің стиліндегі бағдарламасын орындайды. Шоудың ұзақтығы 2,5 сағат. 

Гала-кеш барысында спортшылар көрсетілім бағдарламаларын ұсынады. Шоудың басталуы – Қазақстан уақытымен 23:55. Тікелей эфир "Qazsport" телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан мен Кортина-д’Ампеццо Олимпиадасында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл Қазақстан тарихындағы Қысқы Олимпиада ойындарындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтын жүлде.

Ақ Олимпиада 22 ақпанда аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу