Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

831

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды Фото: akorda.kz

Бүгін, 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына жыл сайынғы Жолдауын жасайды.

Ақорданың хабарлауынша, жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Жолдауда дәстүр бойынша ел дамуының негізгі бағыттары – экономика, әлеуметтік саясат, сыртқы саясаттағы басымдықтар және алдағы стратегиялық жоспарлар қамтылады. Бұл маңызды саяси оқиға қоғам мен сарапшылардың ерекше назарында.

Президенттің Жолдауы мемлекеттік органдарға, бизнеске және азаматтық секторға алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттарын айқындап береді.

Жолдауды республикалық телеарналардан, Ақорданың ресми әлеуметтік желілерінен және Atameken Business арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу