Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Топтық кезеңде "Челси" D тобында АҚШ-тың "Лос-Анджелесін" 2:0, Мысырдың "Эсперанс" командасын 3:0 есебімен жеңді. Алайда Бразилияның "Фламенго" футбол клубынан 3:1 есебімен жеңілді. 1/8 финалда Португалияның "Бенфикасын" 4:1, ¼ финалда Бразилияның "Палмейрасын" 2:1, 1/2 финалда Бразилияның "Флуминенсе" 2:0 есебімен тізе бүктірді.
"Пари Сен-Жермен" В тобында Испанияның "Атлетико Мадрид" клубын 4:0, АҚШ-тың "Сиэтл Саундерсін" 2:0 есебімен жеңсе, Бразилияның "Ботафого" командасына 0:1 есебімен есе жіберді.
Одан кейін 1/8 финалда АҚШ-тың "Интер Майами" клубынан 4:0,¼ финалда Германияның "Бавариясынан" 2:0, 1/2 финалда Испанияның "Реал Мадридінен" 4:0 есебімен басым түсті.