Бүгін Милан және Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардан тек мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жарыс жолына шығады. Ол еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Жарыс Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
Қазақстандық спортшы мұз айдынына 13-ші болып шығады. Жалпы бұл бағдарламада 24 мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетеді.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша Самоделкина 68,47 ұпай жинап, 12-орында тұр. Ол шешуші еркін бағдарлама алдында жүлделі орындар үшін күресуге нақты мүмкіндік сақтап отыр.
Айта кетейік, медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы Михаил Шайдоров иеленген 1 алтын медальмен 18-орынға жайғасты.