Бүгін қаңтардың 28-інен 29-ына қараған түні Лондонның "Арсенал" клубы "Эмирейтс" стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 8-ші тур аясында алматылық "Қайратпен" кездеседі.
"Арсенал" мен "Қайрат" матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Ойынды тікелей эфирде "Qazaqstan" телеарнасынан тамашалауға болады.
7 турдан кейін "Арсенал" негізгі кезеңде көш бастап тұр. 7 матчтың барлығында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинады. Ал "Қайрат" осы уақытқа дейін 7 ойында бар болғаны 1 ғана ұпай еншілеп, турнир кестесінде соңғы, 36-орында қалды.