Ұшқыр бәйгеде Рамазан Табылдиевтың Шағала тұлпары бірінші болып мәреге жетті. Бұл тұлпар атақты Кабирханның иесі Тілек Мұқанбетқалиевқа тиесілі, деп жазады inbuisness.kz сайты.
Екінші орында Қазақстанның тағы бір жүйрігі "Арлан" иеленсе, "Струна" жүйрігі үшінші болып мәреге келді.
Ал 2400 метрлік ұшқыр бәйгеде Берил Рэйсер мәреге бірінші келді. 2-орынды "Адай" иеленді. Ал үздік үштікті "Роузлайн" түйіндеді.
Айта кетейік, көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты бүгін 16:00-де тек спортшылардың қатысуымен этноауылда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу