Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

805

Кеше Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 33 адам қаза тапқан еді.

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні Фото: altyn-orda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесуде 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын және "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнына қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізген болатын.

"Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген өкімде.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше шығып үлгерген. 13 адам әлі табылар емес.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жер астында қалған кеншілерді тірі табуға үміт өте аз екенін мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу