Бүгіннен бастап автокөлікті бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен алуға болады

1 жетоқсаннан бастап елімізде автолизинг бағдарламасы іске қосылып отыр. 

Бүгіннен бастап автокөлікті бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен алуға болады Фото: SergeyTikhomirov/Getty Images

Мұның автонесиеден айырмашылығы көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға алу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдық шекті мөлшерлемені 36%-ға дейін бекіткен. Осыған дейін 45%-ға дейін естептелген болатын. Бағдарламаның басты мақсаты – автокөлікті сатып алуды қолжетімді ету. 

Бұған дейін депутат Олжас Құспеков лизинг бағдарламасын қарапайым түрде түсіндірген болатын. 

– Лизинг – автомобильді ұзақ мерзімге жалға алып, мерзімі аяқталған соң оны толық сатып алуға мүмкіндік беретін құрал. Автонесиеден басты айырмашылығы – сатып алушы көлікті пайдалану кезеңіндегі амортизациясына төлейді, сондықтан жарнасы мен ай сайынғы төлемі арзанырақ шығады. АҚШ-та адамдар екі-үш жыл лизингке алған көлігін пайдаланып, кейін жаңа көлікке ауыстырады. Ең басты қауіп – лизингке көлік берген кәсіпорын банкротқа ұшыраса, адам көліктен айырылып қалуы мүмкін, – деді ол. 

Лизингтің келісімшарты аяқталғанда, көлікті қайта өткізуге немесе қалған берешекті өтеу арқылы сатып алуға жағдай жасалған. 

Нақтыласақ, мерзім аяқталғанда 3 түрлі таңдау беріледі: 

  • Біріншісі, мүлікті толық сатып алу. Ол – барлық төлем жасалғаннан кейін көліктің меншігіңізге өтуі;
  • Одан кейінгісі, мүлікті қайтару. Яғни, мерзім біткен соң көлікті лизинг компаниясына қайтаруға болады;
  • Соңғысы, жаңа мүлікке ауыстыру. Бұл – ескі көлікті қайтаруға және оның орнына жаңасын лизинг арқылы алуға мүмкіндік бар деген сөз. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу