Бүгіннен бастап тағы бір ел өз валютасынан бас тартты

Мемлекеттің ресми валютасы ретінде еуро енгізіліп отыр.  

Бүгіннен бастап тағы бір ел өз валютасынан бас тартты Фото: Reuters

Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария ұлттық валютасы – левпен қоштасуға қадам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел Еуроаймаққа қосылмақ. Бұл – көптен бергі зерделеніп қабылданған шешім. "Еуро болгар азаматтары мен кәсіпорындары үшін бірқатар практикалық артықшылық әкеледі" деп болжанған. Бір ай бойы қос валюта қатар қолданылады. Левпен төлем жасалса да, қайтарым ақша еуромен беріледі. Бұл әдіс левті айналымнан кезең-кезеңімен шығарады.

Лев пен еуродағы бағаны қатар көрсету 2025 жылдың 8 тамызынан бастап міндетті болып енгізілді және 2026 жылдың 8 тамызына дейін қолданылмақ.

Болгария ұлттық банкінде айырбастау тегін және мерзіммен шектелмейді. Банктер мен пошта бөлімшелерінде айырбастау алғашқы жарты жылда тегін болады.

Осылайша, 1 қаңтардан бастап Болгариядағы банкоматтардың 96%-ы еуро банкноттарын береді, ал қалғандары екі апта ішінде еуро беруге көшеді. Болгарияның еуроға көшу жоспарының басты қағидаты – тұтынушыларды қорғау.

Тұтынушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру тетіктері 3 негізгі бағытқа негізделген:

  • бағаны екі валютада қатар көрсету;
  • тауарлар мен қызметтердің бағасын бақылау;
  • саудагерлер мен қызмет көрсетушілерге қадағалау жүргізу.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу