Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын пайдалану тәртібі өзгерді

187

17 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді.  

Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын пайдалану тәртібі өзгерді Фото: gov.kz

Жаңа тәртіпке сәйкес, бұл қаражат енді тек ипотекалық несиенің негізгі қарызын жабуға ғана бағытталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұдан былай зейнетақы ақшасын банктің пайыздарын төлеуге, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеуге пайдалана алмайсыз. Мұндай қосымша төлемдерді қарыз алушы тек өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.

Айта кетейік, бұған дейін қолданыста болған талаптар бойынша зейнетақы жинағын несиенің негізгі сомасымен қатар, банк есептеген сыйақыны өтеуге де рұқсат етілетін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу