Бұл кез келгеннің басына түсуі мүмкін

Арсен Дилим Арсен Дилим
17732

Финляндияның бұрынғы президенті қайырымдылық науқаны үшін үйсіз-күйсіз әйелдің рөлін сомдады.

Бұл кез келгеннің басына түсуі мүмкін

Финляндияның қазіргі президенті Сауле Нийнистё Қазақстанға сапар шегіп кеткен кезде, бұған дейінгі президент Тарья Халонен құтқару әскері ұйымдастырған науқанға қатысты.

Халонен қайырымдылық науқаны қатысып, үйсіз-күйсіз қалған әйелдің рөлін сомдады. Бұл шараның мақсаты қайғы-қасіретке кез-келген жан душар болуы мүмкін, сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайтынын қоғамға түсіндіру болып табылады.

Суретте бұрынғы президент Халонен тас баспалдақтың үстінде отыр, жанарында шарасыздықтың нышаны бар, үстіндегі киімін кір басып, тозған.

Фотограф Антон Суксдорфф  Халоненді өткен айда суретке түсірген. Фототүсірілім ел астанасының Каллион ауданында ұйымдастырылды, бұл Халоненнің өмір бойы тұрған жері. Фототүсірілім ешкім көрмейтін жабық аумақта жүргізілді.

Фотографтың айуынша, Халонен өте дарынды модель болып шығыпты.

"Ол сомдаған рөлін жан-тәнімен түсінді және қажетті кадрларды 20 минуттың ішінде түсіріп үлгердік. Ол өзін кәсіби модель сияқты көрсетті", – деді ол.

Суретке түсуге қажетті заттар мен киімді Құтқару әскері берді.

Бұл "Адамға көмек қолын сөз" қайырымдылық науқанының бір бөлігі, оның мақсаты – Финляндияда тұратын кедей адамдардың қажеттілігіне қаражат жинау. Науқанды ұйымдастырушылар панасыз қалған жарлыларға көмек қолын созу үшін қаражат жинайды. Оған көптеген танымал адамдар тегін қатысып жатыр.

Әйгерім Сүлейменова, Арсен Дилим

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу