"Бұл тақырыпты жабайық"

2483

Елбасы Мәжіліс сайлауы конституциялық мерзімде өтетінін мәлімдеді.

"Бұл тақырыпты жабайық"

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, елдің саяси тұрақтылығына нұқсан келтіретін шерулер мен басбұзарлыққа және ел ішіне іріткі салатын артық ауыз әңгімелерге тосқауыл қою қажет.

"Посткеңестік елдерден бастап Африкаға дейінгі елдерді қарап көріңіз. Саяси тұрақсыздық кезінде бірінші кезекте кім зардап шегеді? Экономика құлағандықтан, халықтың өмір сүру сапасы да төмендейді. Жұмыс істеуге уақыт жоқ – шулап, ортаға шығады. Демонстрация мен шерулер... Тәртіп пен билік жоқ жерде – проблема шешілмейді. Әрбір адамның қауіпсіздігі, елдің тұрақтылығы бұзылады. Өзекті мәселелермен айналысу шетте қалады. Шулап, жалған әңгіме таратыпжүргендерге қайталап айтайын, барлық сайлаулар конституциялық мерзімде өтеді. Бұл тақырыпты жабайық", – деді Елбасы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу