"Бұл ұйымды не үшін құрдық": Депутат "СК Фармация" компаниясына шүйлікті

369

Мәжілісмен компания дәрілерді тікелей зауыттардан сатып алуы керек деген пікірде. 

"Бұл ұйымды не үшін құрдық": Депутат "СК Фармация" компаниясына шүйлікті Фото: instagram.com/aimagambetov

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "СК-Фармация" компаниясына реформа жасауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"СК Фармацияға келсек, Бірыңғай дистрибьютордың өз логистикалық инфрақұрылымы жоқ. Логистиканың 90%-ы үш компанияның қолында. Осындай монополизация, логистикалық шығындардың 1,5 есе өсуіне ықпал етті. СК-Фармацияның үстеме бағасы, комиссиясы деп те айтуға болады бақандай 7%. Бұл қосымша салық сияқты, бір бөлігі өз шығындарына пайдаланса, бір бөлігі пайда ретінде, бір бөлігі дивиденд ретінде бюджетке қайтарылады. Парадокс", – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында. 

Асхат Аймағамбетов келтірген деректерге сүйенсек, Бірыңғай дистрибьютор 491,0 млрд теңгеге сатып алу жүргізді. 

"Бірақ оның басым бөлігі тікелей зауыттан емес, жергілікті дистрибьюторлар арқылы сатып алынады. Сонда біз бұл ұйымды не үшін құрдық? Неліктен ол зауыттардан тікелей сатып алмайды? Сұрақ көп. Бір препараттар қоймаларда шіріп, есептен шығарылып жатқанда, кейбір өмірлік маңызы бар дәрілер қолжетімсіз. 45 мың пациент дәрісіз қалған. Анықтаған шығындар мен ысыраптар – 3,7 млрд теңгеден астам. Ал ықтимал шығындар – 21 млрд теңгеден астам", деді мәжілісмен.

Депутат "СК-Фармацияны" реформалауды ұсынып отыр. Логистиканы дамытып, бәсекелестіктік, есеп беру мен ашық ережелерін енгізу керек, дейді ол.

Сөзінше, "СК-Фармация" дәрілерді делдалдардан емес, тікелей зауыттардан сатып алуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу