Сарапшы көптеген елдердің басшылары өз кабинеттерімен Ресейдегі жағдай бойынша консультациялар өткізгені тоқаталып, сырттан бақылап отырғанын мәлім етті.
АҚШ Ресейде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірмеді. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адам Ходж "жағдайды қадағалап отырғанын және осы оқиғалар бойынша одақтастар мен серіктестермен кеңесетінін" айтты.
Ходж АҚШ президенті Джо Байденге Ресейдегі тез өзгеріп жатқан жағдай туралы ақпарат алғанын қосты.
Украина Пригожин мен Ресей әскери басшылығы арасындағы азаматтық қақтығысты қадағалап отырғанын мәлімдеді. "Біз бақылап отырмыз", - деді Украина қорғаныс министрлігі.
Воронеж облысының билігі тұрғындарды әскери техникалар колоннасы М-4 Дон тас жолы бойымен жүріп жатқанын хабарлап, азаматтардан тас жол бойымен жүруден бас тартуды сұрады. Липецк облысының губернаторы Игорь Артамонов аймақта қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін мәлімдеп, тұрғындардан жол жүруден бас тартуды сұрады. Оның айтуынша, Воронеж және Липецк облыстарының шекарасындағы Дон тас жолы жабылған - ол жерде көлік кептелісі қалыптасқан. Украиналық БАҚ Вагнер күштерінің бір бөлігі Воронеж арқылы Мәскеуге апаратын М-4 Ростов-на-Дону тас жолын бомбалап жатыр деп жазады.
"Ал айтылған жағдайлардан қорытынды шығарсақ, бұл әрекеттер Украина барлаушыларымен қосылып істеп отырған әрекетке ұқсамайды. Сондай-ақ қолдан жасалып отырған "спектакль" емес сияқты", – дейді сарапшы .
Пригожиннің кейінгі кезде, кейбір құрылым басшыларын қысымды сынға алып, Ресей қалаларын аралап, тұрғындарымен кездесіп, теледидар, радиокомпанияларының тілшілеріне сұхбат беріп, "Вагнер" пресс-қызметіне сұхбат беріп You Tube каналдарына таратып жұрген мәліметтерін есепке алса, ол адамда едәуір амбиция бар сияқты. Ресей қорғаныс министрі Шойгу мен Бас штаб бастығы Герасимовқа қарсылас екенін білдіріп жүріп, шынымен билікке талас болуы мүмкін.
Ал "Вагнердің" әскери даярлығы мен тәжрибесі ресей Қарулы Күштерінің құрамдарына қарағанда сапасы біршама жоғары. Кейбір қалаларды, қоймаларды, мемлекеттің жанды-жанды жерінен ұрыс беріп, жаулап алып, билікпен саудаласуға бас бұрған сияқты. Бұл жағдайдың шешімі Путинге оңай болмайтын сияқты.
Ресейдің "Вагнер Групп" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Ресейдің Украинаға қарсы соғысындағы ең көрнекті тұлғалардың біріне айналды. Оның Ресей әскери басшылығын қатаң және бұрын-соңды болмаған сынға алуы оны президент Владимир Путинге әлеуетті қауіп ретінде қарастыруға әкелді.
Вагнер тобы ұрыс даласындағы қатыгездігімен және қатыгез тактикасымен танымал. Ол сондай-ақ Украинаға өтіп кеткен жауынгерлерінің өлім жазасына кесілгені туралы бейнежазбаларда майдан даласында өзінің аяусыздығын көрсетті, деп қорытындылады сарапшы.