Бұрымды боксшыларымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

264

Бүгін Азия чемпионатының бесінші жарыс күні де қазақстандық былғары қолғап шеберлері тамаша нәтиже көрсетті. 

Бұрымды боксшыларымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U19) ширек финалдық кездесулер жалғасып жатыр. Бүгін таңғы сесия нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының төрт өкілі жартылай финалға өтті. Кем дегенде қола медаль қоржында деген сөз.

Жанель Имантаева (54 кг) оңтүстіккореялық Джиэ Киммен кездесті. Жекпе-жек белсенді әрі тартысты өтті. Қос спортшы ринг ортасында ашық айқасқа барды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Жанельге жеңісті берді.

Айым Танкибаева (51 кг) моңғолиялық Сувд-Эрдене Баянмунхпен жұдырықтасты. Екінші раундта Танкибаева қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша ол да жартылай финалға жолдама алып, жүлделі орынға ілікті.

Аяжан Ермек (57 кг) таиландтық Чавалук Соннумға қарсы жекпе-жек өткізді. Бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, қазылар бірауыздан жеңісті Аяжанға берді.

Алина Құдайгенова (60 кг) оңтүстіккореялық Джихье Хонмен кездесіп, жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Ал Диана Серікбаева (48 кг) жапониялық Момоко Хасебемен болған жекпе-жекте барлық үш раундта ұпай санымен жеңіліп, жарысты тоқтатты.

Осылайша Қазақстан құрамасының төрт өкілі жартылай финалға өтіп, кем дегенде төрт қола медальды қоржынға салды.

Сондай-ақ тағы үш боксшымыз кешкі сессияда өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы ширек финалдық кездесулер (кешкі сессия – 15:00):
65 кг: Ақбота Есімбекова – Айпери Адылбекова (Қырғызстан)
70 кг: Мария Сидоренко – Абудурэйму Алимирэ (Қытай)
75 кг: Зарина Толыбай – Аарти Кумари (Үндістан)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу