Бұрымды боксшыларымыз Испанияда өткен турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

859

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ла Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 халықаралық турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды. 

Бұрымды боксшыларымыз Испанияда өткен турнирде екі алтын медаль жеңіп алды Фото: sportarena.kz

Қазақстан құрамасы тоғыз финалда өнер көрсетті. 52 келі салмақта сынға түскен Жазира Урақбаева мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) чемпион атанды. Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Мадина Нұршаева (70 келі), Гүлсая Ержан (75 келі) және Фариза Шолтай (81 келі) күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, Өзбекстан бұл жарысқа төрт салмақ бойынша қатысып, нәтижесінде төрт алтын медальді қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Тұрабек Хабибуллаев Boxam турнирінің "Үздік боксшысы" деп танылды.

Өзбекстан құрамасы сапынан алтын медальді Мужибилло Тұрсынов (63,5 келі), Хавасбек Абдуллаев (71 келі), Тұрабек Хабибуллаев (80 келі) және Шохжахон Абдуллаев (92 келі) жеңіп алды. Руслан Абдуллаев (63,5 келі) пен Ләзизбек Мулложонов (92 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Аталмыш жарысқа Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Шотландия, Сербия, Словакия, Испания, Швейцария, Таиланд, Тринидад және Тобаго, Өзбекстан және Уэльс, Бахрейн, Бельгия, Қытай Тайпейі, Хорватия, Англия, Франция, Венгрия, Исландия, Үндістан, Ирландия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Мали, Мексика, Палестина, Филиппин сынды елдерден барлығы 208 былғары қолғап шебері қатысты.

Командалық есепте Өзбекстан бірінші орын алды (4 алтын, 2 күміс). Италия екінші (4 алтын), ал Филиппин (4 алтын) үздік үштікті түйіндеді. Англия үш алтын, алты қола медальмен төртінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан бесінші (2 алтын, 7 күміс) нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу