Бұл туралы астанада өткен "Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысында "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Құрылыс
Мәселен, Қызылорда облысында КБИ шағын ауданында 600 орындық №282 мектеп құрылысы кезінде ішкі мемлекеттік аудит департаменті 25 млн теңге сомасының заңсыз жұмсалғанын растады.
Қарағанды қаласындағы 11-шағын ауданында мектеп салу кезінде орындалмаған жұмыстар үшін 73 млн теңге сомасында төлем белгіленген.
"Алматыдағы бір жаңа мектептердің біріне қатысты жағдайды зерттеудеміз. Онда сметалық құжаттамаға сәйкес сатып алынған цифрлық техникамен: дербес компьютерлермен, интерактивтік тақталармен, интерактивтік панельдерге арналған тіреулермен және басқа да жабдықтармен 100 млн теңгеге жуық сомада айырмашылықтар анықталды", – дейді Смағұлов.
Сондай-ақ спорт объектілерін салу кезінде де заңбұзушылықтар болады. Солтүстік Қазақстан облысында Саумалкөл ауылында аяқталмаған Дока кейсі бойынша қылмыстық іс қозғалды, онда мемлекеттік аудит 118 млн теңгеден астам сомаға залалды растады.
Қарағанды облысының Нұра ауданында хоккей корты мен бассейн салу кезінде заңсыздық анықталды. Жуықта оған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек барған.
Мұғалім мен директор
"Алматыда мұғалімдердің ұжымдық шағымынан кейін, мектептердің бірінің басшылығы тарапынан заңсыз ақша жинау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Директордың тапсырмасы бойынша, әр мұғалімнен 5 000 теңгеден жиналған. Ал келіспейтіндер "жеке тізімге" енгізіліп, сағаттары қысқарған, сонымен бірге жұмысы белгісіз себеппен қиындап, жұмыстан босатылуы мүмкін екені жөнінде ескерту алған", – дейді Дидар Смағұлов.
Қарағанды облысында мектеп директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде, ол қарамағындағылардан сыйлықақының 50%-ын қайтаруды талап еткен делінеді.
Ақмола облысында оқу курсынан іс жүзінде өтпеген, бірақ стипендия алған 24 адам анықталды.
Блім беру саласының лауазымды тұлғаларының іссапарға бармай-ақ, бюджет қаражатын жымқырған фактілері расталды.
Студент
Өкінішке қарай, оқу орындарында да сыбайлас жемқорлық қатерлері жоғары. Мұны әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері дәлелдейді.
2020 жылы өткізілген "Таза сессия" акциясының аясында 64 жекеменшік ЖОО-да 20 000 студенттен сауалнама алынған. Әрбір сегізінші студент ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың бар екенін растап, әрбір 12-ші студент жеке пара бергенін айтқан.
"Аманат" партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты әзірлеген 2021 жылы "халық арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау ұлттық индексінің" нәтижелері бойынша, сауалнамадан өткендердің 38,3%-ы жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейде екенін атап өткен. Кейінгі 12 айда жоғары білім беру жүйесі мекемелеріндегі (ЖОО, Академия) бейресми төлемдер бергенін 9,9% адам айтқан.
Жер учаскесі
"Ел бойынша жоғары оқу орындарында жер мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық жанжалдары көп", – дейді Дидар Смағұлов.
Кейінгілердің бірі Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде болған. Ауданы 2779 ш м жер учаскесін заңсыз иеліктен шығарып жіберген.
"Жерді бұрынғы ректордың келіні иемденіп, мейрамхана салғанын анықтадық. Жер учаскесін бар болғаны 685 000 теңгеге сатып алған", – дейді Смағұлов.
Ректорат
"Жоғарыда әкімшілік-шаруашылық саласындағы рискті айттық. Ұйымдастырушылық-басқарушылық және білім беру процесінде де сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар аз емес", – дейді Дидар Смағұлов.
Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі себептерін іздеу үшін процестерді, нормативтік құжаттарды талдауға және кандидаттарды іріктеуге басшылық позицияларға да, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының барлық мүшесін қарау қажет.
"Сыртқы және ішкі мониторинг жоғары деңгейде болуы керек. Әрине, бұған басқару шешімдерін қабылдайтын адамдар (ректорат, басқарма және т.б.) мүдделі болуы және тексеруге тартылған тараптар объективті болуы керек-ақ", – деп мойындайды Смағұлов
Жасын Қалибек