"Бұрынғы тетіктерді пайдалана бермейік" – Мәулен Әшімбаев Ералы Тоғжановқа ұсыныс айтты

2382

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа халықтың табысын арттыру формаларын жаңарту туралы ұсыныс айтты. Қытай, Бангладеш сынды халқы көп елдердің нәтижелі бағдарламаларына назар аударуды сұрайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бұрынғы тетіктерді пайдалана бермейік" – Мәулен Әшімбаев Ералы Тоғжановқа ұсыныс айтты

"Ералы Лұқпанұлы, жалпы халықтың табысын арттыру ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырсыздар, оны білеміз. Арнайы бағдарлама қабылданып, оған бюджеттен 197 млрд теңге бөліп отырмыз. Бұл жерде біздің айтпағымыз, көп тәсілдерді бұған дейін де пайдаландық қой, уақытша жұмыс орындарын ашу деген бар, төлемақы төлеу деген, басқа да бір формалар бар.... бірақ "Жаңа Қазақстан" деп жатырмыз, жаңа механизмдерді, жаңа жолдарды іздеу орынды болар деп есептейміз. Халықаралық тәжірибені де жақсылап зерделеп, басқа мемлекеттердің үлгілерін пайдаланғанымыз артық болмайтын шығар. Мысалы, Қытайда кедейшілікпен күреске бағытталған үлкен бағдарлама бар. Нақты нәтижелері де бар. Бангладеш деген адам көп мемлекеттерде нәтижелі бағдарламалар жүзеге асырылған. Сондықтан алдағы кезеңде бұрынғы тетіктерді пайдалана бермей, жаңа механизмдерді де жүзеге асырғанымыз орынды болар деп есептейміз", – деді Әшімбаев.

Палата төрағасы үкімет басшысының орынбасарын алдағы уақытта (сессия соңына дейін) тағы келуін өтініп, жаңа тәсілдерге байланысты ойлары мен істеп жатқан жұмыстарын айтып беруін сұрады. 

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу