"БҰҰ да қосылды": Трамптың жоспарын қолдайтындар көбейіп келеді

Газа секторындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу көптен бері ешкімнің қолынан келмеп еді.  

"БҰҰ да қосылды": Трамптың жоспарын қолдайтындар көбейіп келеді Фото: bloomberg.com

Бүгінде АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл жоспарын қолдап, оны орындауға шақырып жатқан мемлекеттер қатары арта түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мәселеге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те үн қосты. 

– БҰҰ Палестина, Израиль және бүкіл аймақ халықтары үшін бейбітшілік, тұрақтылық және жарқын болашаққа ықпал ететін кез келген күш-жігерді қолдауда берік ұстанымда, – деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына. 

Гутерриш араб және мұсылман мемлекеттерінің бейбітшілікке қол жеткізу мен атысты тоқтатудағы маңызды рөліне тоқталмай өтпеді. 

– Барлық тарап келісім бойынша міндеттемелерді алып, оны орындауы аса маңызды, – деді ол.

Айта кетейік, Ақ үй 2 күн бұрын ұсынған құжат 20 тармақтан тұрады. Онда Израиль әскерлерін Газадан шығару және әскери қимылдарды тоқтату есесіне кепілге алынған адамдарды босату көзделіп отыр. Келісім бекітілген соң шарттарды орындауға 72 сағат беріледі. 

Осыған дейін Египет, Иордания, Индонезия, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия бірлескен мәлімдеме жасап, АҚШ-тың бейбіт жоспарына қолдау білдірді. Бұл тізімнің әлі де арта түсетіні анық. 

Бұған дейін Қазақстан да Газадағы қақтығысты реттеуге арналған Трамптың бітімгерлік жоспарын қолдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу